«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.11.2021

МҰҚТАЖДАРҒА ҚАМҚОР

Алексей Радионов – Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылының тұрғыны. Электр құралдарын жөндеу, бейнебақылау камералары мен өрт кезінде дабыл қағатын құрылғылар орнату қызметін ұсынатын серіктестіктің құрылтайшысы. Электр қуатын дұрыс пайдаланбаудан болатын қауіпті жақсы білетін ол ауылдастарына көмектесуді өзіне міндет санайды.

ЕРТЕГІЛЕР КЛУБЫ

Балаларды халқымыздың тарихи-мәдени мұрасына баулудың маңызы зор. Өскелең ұрпақты жастайынан халық ауыз әдебиетімен, мәдениетімен, ана тілімен таныстыру қажет. Бұл орайда И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана облыстық қуыршақ театрымен бірлесіп “Сиқырлы қазан” балалар ертегілер клубын ашты.

ҚАРАУСЫЗ ЖҮРГЕН ЖЫЛҚЫЛАР

Қараша айының басында өткен «Учаске» және «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шаралары аясындағы рейд барысында Мамлют ауданындағы Ленин ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы иесіз жүрген 46 бас жылқыны байқап қалған.

АБАЙЛАҢЫЗ, ЖҰҚА МҰЗ!

Біздің облысымызда 9 мыңға жуық су қоймасы, оның ішінде 2328 көл, 61 өзен мен 500-ден астам бұлақ бар. Олар күзгі-қысқы кезеңде, ауа райы суытқан күндері қатады.

Мигранттарға жұмыс істеуге рұқсат

Қазақстанда әлемнің басқа мемлекеттеріндегідей шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі белгіленген. Елімізге келген шетелдік азаматтарға 30 күнге дейін уақытша тұруға рұқсат етіледі. Егер олар 30 күннен астам уақытқа келген болса, міндетті түрде рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет.

ТӨРТ БОКСШЫМЫЗ – ФИНАЛДА

Сербияның астанасы Белград төрінде өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында 5 қазақстандық спортшы жартылай финалға шығып, оның 4-уі ақтық сынға жолдама алды. Алтын үшін таласатын былғары қолғап шеберлерінің барлығы жеңіл салмақтағылар.

ҰСТАЗ

Жылына бір рет келетін демалысты ел аралап, жер көруге арнағанға не жетсін шіркін! Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейінгі аралықты алып жатқан кең байтақ даламыз – тұнған тарих қой. Әрбір тасының айтар ақиқаты, бүккен сыры бар. Бағытымыз – Қызылжармен ежелден ауылы аралас, қойы қоралас Қостанай. «Темір тұлпар» «тізгінді» босатсаң жүйтки жөнелгісі-ақ келетіндей, әттең ойдым-ойдым шұңқырлар оған …

ҰСТАЗ Read More »

ШЕБІ БЕРІК – ШЕКАРА

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік шекара» кітабын шығарды.  Бұл туынды өздерінің  қалтқысыз қызметі арқылы мемлекеттік шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан жауынгерлердің еңбек жолына  арналған.

Жасөспірімдерге егіледі

Облысымызға алдағы екі аптада «Pfizer» компаниясының вакцинасы келеді деп күтілуде. Бірінші кезекте бұл препаратпен 16-18 жастағы жасөспірімдер егілмек. Кейін 12 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынады.

ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

Биыл облысымыздағы республикалық маңызы бар 1,5 мың шақырым автожол аспапты диагностикадан өтті. Бұл жұмысты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының  облыстық филиалы жүргізді.

МАЙРАНЫҢ «ҚОШТАСУЫ»

Майра Шамсутдинова – халық әншісі,  композитор. 1896 жылы Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Жастайынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге танылған. Көзі тірісінде қазақ, татар, орыс тілдерінде  кәсіби орындаушылығымен көпшілікті таңғалдырған әншінің “Майра”, “Қызыл гүл”, “Өкшесі етігімнің айнала жез”, “Бақша” сияқты көптеген туындылары бар. Майраның әндерін композиторлар Евгений Брусиловский “Қыз Жібек” операсында, Александр Зильбер “Қайта туған Қазақстан” симфониясында, Бақытжан Байқадамов “Майра” …

МАЙРАНЫҢ «ҚОШТАСУЫ» Read More »

АДАМНЫҢ ӨМІРІ ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС

Әлемді бір тарының қауызына сыйдырған «COVID-19» вирусымен күрес дүниежүзі елдеріне жеңіл болмай тұр. 2019 жылы аспан асты елінен таралған қауіпті індет салдарынан әлемде мыңдаған адам көз жұмды. Вирустық инфекцияның бұл түрі дүйім дүниені дүрліктіріп, әлемдік медицинаны тығырыққа тіреді. Алайда бірқатар елдер инфекцияның таралуын тоқтату үшін нақты шаралар қабылдап,  қауіпті індеттің бетін қайтару мақсатында екпе ойлап …

АДАМНЫҢ ӨМІРІ ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС Read More »

АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ АШЫҚ

Қазақстанда қарашаның 1-нен бастап   қысқы аң аулау маусымы басталды. Аңшыларға енді түлкі, қарсақ, қоян, сасық күзенді аулауға рұқсат беріледі.   Аңшылық 2022 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады.  Оларға суда жүзетін құстарды атуға тыйым салынды.

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Облыстық мәслихат жанындағы халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Онда өңіріміздегі спорт ұйымдарын дамыту және қаржыландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар  сөз болды.

ДЕРТПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ

Облыс орталығында тұратын тыл еңбеккері, ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі Владимир Тимошин вакцинаның көмегімен ғана әлем коронавирустық инфекцияны жеңе алатынына сенімді.

БІРЕГЕЙ КЕШЕН

Облыс орталығында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Тұрғын үйден бөлек, көптеген әлеуметтік нысандар тұрғызылуда. М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де заманауи оқу-зертханалық корпусы салынуда.

Жасөспірімдерге екпе егу басталады

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі аптада 16-18 жастағы жасөспірімдерді вакцинациялау басталады. Кейін 12 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге де екпе егілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отбасылық бапкерлік еңбек өтіліміз 70 жылдан асады – Сәуле Мухина

Петропавлда шаңғы спортымен кәсіби деңгейде айналысатын отбасы тұрады. Ерлі-зайыпты Александр, Сәуле Мухиндер шаңғы жарысынан ҚР еңбегі сіңген бапкерлер, ал олардың екі ұлы Ринат пен Александр ата-ананың ісін жалғастырып, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.