«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасөспірімдерге егіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызға алдағы екі аптада «Pfizer» компаниясының вакцинасы келеді деп күтілуде. Бірінші кезекте бұл препаратпен 16-18 жастағы жасөспірімдер егілмек. Кейін 12 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов өңірдегі ахуал және вакцинация барысы туралы айтып берді.

Облысымызда індет басталғалы коронавирус жұқтырудың 29407 жағдайы тіркелген. 4 қараша күні қауіпті инфекцияға 163 адам шалдықса, олардың 90 пайызында ауру белгілері болған. Ауырғандардың дені петропавлдықтар.

«Өткен екі аптада облыста қауіпті инфекция жұқтырудың 2128 жағдайы анықталды. Бұл көрсеткіштің оның алдындағы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 0,6 пайызға өскенін көреміз.  Жүкті әйелдерге вакцина босанғаннан кейін 42 күн өткен соң  қойылады. «Pfizer» компаниясы әзірлеген вакцинаның құрамында вирус жоқ, сондықтан КВИ инфекциясын тудыра алмайды. Ең алдымен, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге екпе егіледі. Кейінгі кезеңдерде қалған жастағыларды қамтимыз», –   дейді санитар дәрігер.

Өңірде осы күнге дейін 253129 адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Жыл соңына дейін 370 мыңнан астам адам екпе алуы қажет. Бұл өңірдің ересек тұрғындарының 90 пайызы.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp