«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАУСЫЗ ЖҮРГЕН ЖЫЛҚЫЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қараша айының басында өткен «Учаске» және «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шаралары аясындағы рейд барысында Мамлют ауданындағы Ленин ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы иесіз жүрген 46 бас жылқыны байқап қалған.

Табылған жылқылар туралы хабар беріп, оларды қаңғыбас малдарға арналған арнайы тұраққа қамаған соң иесін анықтауға кіріседі. Қызмет көрсететін әкімшілік учаскедегі жағдаймен жақсы таныс инспектор жылқылардың алыстан келгенін білген. Иесінің аты-жөнін анықтауға таңбасы көмектеседі. Аудандық ветеринария қызметі мамандарының  көмегімен таңбалары  анықталған жылқылардың иесі басқа ауылдық округте тұратын болып шықты. Бірнеше күн бұрын бақташының қараусыз қалдыруы салдарынан  46 бас жылқы бөлініп, 30 шақырым қашықтықта ұзап кеткен екен. Қазіргі уақытта жылқылар иесіне қайтарылды. Жануарларды еркін жайылымға қоя берген бақташыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті

ішкі және сыртқы  коммуникациялар

бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp