«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙЛАҢЫЗ, ЖҰҚА МҰЗ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің облысымызда 9 мыңға жуық су қоймасы, оның ішінде 2328 көл,

61 өзен мен 500-ден астам бұлақ бар. Олар күзгі-қысқы кезеңде, ауа райы суытқан күндері қатады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға  мұз үстінде сақ болуды ескертеді. Мұз үстімен жүру кезінде қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлер мен учаскелерді айналып өту қажет. Мұз  су ағатын және ағынды сулар жиналатын, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аудандардағы ағаштарға, бұталар мен қамыстарға жақын жерлерде берік болмайды.

Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, онда мұздың беріктігі 25 пайызға төмендейді. Мұздың беріктігін көзбен шолып анықтауға болады: көк түсті мұз – берік, ақ түстінің беріктігі 2 есе аз, сұр, күңгірт-ақ немесе сарғыш реңді мұз сенімсіз.

Егер  мұз ойылып,  суық суға түсіп кеткен жағдайда  абыржымау керек. Кенеттен қимыл жасаған да дұрыс болмайды. Терең тыныс алып, қолды кең жайып, мұздың шетінен ұстауға тырысқан абзал. Мұздың шетіне ақырын кеудемен жатып, бірінші, содан кейін екінші аяқты  мұзға қоюға тырысу керек.  Егер мұз сізді көтеруге шыдаса домалап, баяу жағаға қарай еңбектеп жеткен  жөн. Екінші бір адамның көмегі қажет болған жағдайда, шарфтарды, белдіктерді немесе киімдерді бір-біріне байлауға болады. Еңбектеп, қол мен аяқты кең жайып, құтқару құралдарын пайдалана отырып абайлап қозғалу керек.

Иван ОНИЩЕНКО,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің

бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp