«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕРТПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында тұратын тыл еңбеккері, ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі Владимир Тимошин вакцинаның көмегімен ғана әлем коронавирустық инфекцияны жеңе алатынына сенімді.

Жақында Владимир Михайлович 88 жасқа толады. Еңбек ардагері коронавирус пандемиясы басталған кезде алғашқылардың бірі болып, вакцина салдыруды шешкен.

– Сегіз жылдан бері қатерлі ісік ауруымен есепте тұрмын. Алғашында ақхалаттылар  вакцина алмауға кеңес берді.  Мен үш айда бір рет онкологиялық орталықта қан тапсырамын. Кезекті мәрте барғанда  екпе алуға рұқсат етті. Мен бірден «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасын қабылдадым. Енді 10 қарашада екпенің екінші компонентін аламын, – дейді Владимир Михайлович.

Еңбек ардагері әлемде коронавирустық инфекция сияқты қауіпті індет таралғанда жалған қауесетке бой алдырмай, тек дәлелденген ақпарат көздеріне сенгенін айтты. Ол жалған ақпарат тарату вакциналау науқанын тиісті деңгейде өткізуге кедергі келтіріп отырғанын жеткізді. Сондықтан зейнеткер  жерлестерімізді екпе алуға шақырды.

Елена МЕРТЮКОВА.

Суретті түсірген

Вадим МУДАРИСОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp