«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРТЕГІЛЕР КЛУБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Балаларды халқымыздың тарихи-мәдени мұрасына баулудың маңызы зор. Өскелең ұрпақты жастайынан халық ауыз әдебиетімен, мәдениетімен, ана тілімен таныстыру қажет. Бұл орайда И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана облыстық қуыршақ театрымен бірлесіп “Сиқырлы қазан” балалар ертегілер клубын ашты.

Шара барысында кішкентай оқырмандар облыстық қуыршақ театрының өнерпаздары сахналаған Павел Бажовтың “Күміс тұяқ” ертегісін тамашалады. Ертегі кейіпкерлері балаларға тәттілер үлестіріп, жас оқырмандар ерекше әсерге бөленді.  Жалпы бұл клубта жыл бойы балаларға арналған қызықты іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Ләззат ЕРҒОЖИНА,

И.Шухов атындағы қалалық кітапхананың

№2 филиалының меңгерушісі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp