«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мигранттарға жұмыс істеуге рұқсат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда әлемнің басқа мемлекеттеріндегідей шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі белгіленген. Елімізге келген шетелдік азаматтарға 30 күнге дейін уақытша тұруға рұқсат етіледі. Егер олар 30 күннен астам уақытқа келген болса, міндетті түрде рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет.

Ең алдымен, жұмыс істеуге рұқсат алу үшін мигранттар Қазақстаннан жұмыс берушіні тауып, еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасаcуы керек. Ары қарай көші-қон қызметтері орталығында ЖСН алады. Бұл мемлекеттік баж салығын төлеу үшін қажет.

Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін мынандай құжаттар ұсынылады:

– еңбек мигрантына рұқсат алу туралы өтініш;

– жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемді төлегені туралы түбіртек қағаз;

– мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт;

– 075/у нысандағы медициналық анықтама;

– саусақ іздері мен фотосуретке түскендігі туралы анықтама;

– медициналық сақтандыру;

– еңбек шарты.

Фото, видео, саусақ іздерін тіркеуді көші-қон қызметтері орталығында немесе көші-қон полиция қызметінде жасауға болады.

Рұқсат мерзімін жеке тұлғалар бір жыл ішінде 3 ай сайын ұзартып тұрады. Қызмет көші-қон қызметтері орталығында немесе электронды портал арқылы қолжетімді. Жеке тұлғаларға бұл қызметтер  тегін көрсетіледі.

 Ерназар НҰРҒАЛИЕВ,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp