«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл облысымыздағы республикалық маңызы бар 1,5 мың шақырым автожол аспапты диагностикадан өтті. Бұл жұмысты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының  облыстық филиалы жүргізді.

Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының нақты жағдайын бағалау мақсатында аспаптық мониторинг жүргізілуде. Биыл республикалық желінің 78  пайызы немесе шамамен 19 мың шақырым жол қамтылмақ.

Облысымызда республикалық маңызы бар 2 мың шақырымға жуық жол бар.  

«Жолдардың сипаттамаларының талаптарға сәйкес келетіндігін анықтау үшін  үнемі тексеру қажет. Алдымен зерттелетін нысандар жайында ақпарат жиналды. Кейін мониторинг жүргізуде қолданылатын аспаптардың сәйкестігі, сертификаттары тексерілді. Диагностикалау кезінде жұмысты тез және тиімді жүргізуге, автомобиль жолдары мен құрылымдарының жай-күйі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құрылғылар қолданылды», – дейді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының директоры Жолдыбай Тентеков.

Маманның айтуынша, Қазақстандағы жол инфрақұрылымы қауіпсіздігін диагностикалау мен бақылау осыдан екі жыл бұрын қолға алынған. 2019 жылы Павлодар және Қарағанды облыстарында 2 мың шақырымнан астам жол талданды. Былтыр мамандар 16 мың шақырым жолды диагностикадан өткізді. Аспаптық диагностика республикалық автомобиль жолдарының нақты жағдайын және қауіпсіздік рейтингін шығаруға көмектеспек. Сондай-ақ зерттелетін аймақтың апаттық деңгейі анықталып, жөндеудің түрі туралы шешім қабылданады, қандай жұмыс жасау керектігі, оларға жұмсалатын қаржы  анықталады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp