«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨРТ БОКСШЫМЫЗ – ФИНАЛДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сербияның астанасы Белград төрінде өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында 5 қазақстандық спортшы жартылай финалға шығып, оның 4-уі ақтық сынға жолдама алды. Алтын үшін таласатын былғары қолғап шеберлерінің барлығы жеңіл салмақтағылар.

Күндізгі сессияда шаршы алаңға қазақстандықтар қатарынан алғашқылардың бірі болып Теміртас Жүсіпов (48 кг.) шықты. Отандасымыз Беларусь елінің өкілін қапы қалдырды. Кейін Махмұд Сабырхан (54 кг.) үнділік Акаш Кумарды жеңді. Кешкі көрсетілімде жерлестеріміздің жеңісті жолын Сәкен Бибосынов (51 кг.) жалғастырды. Ал Серік Теміржанов (57 кг.) бостандық аралынан келген Оскар Кабальеродан басым түсті.

Өкінішке қарай, Ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 кг.) жапониялық Севонрет Оказавадан ұтылып, қола медальді місе тұтты. Енді қазақстандықтың қоржынында кем дегенде 4 күміс медаль бар деуге болады.        

Аманжол НҰРТАЗИН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp