«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБІ БЕРІК – ШЕКАРА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік шекара» кітабын шығарды.  Бұл туынды өздерінің  қалтқысыз қызметі арқылы мемлекеттік шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан жауынгерлердің еңбек жолына  арналған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы қастерлі ұғым санамызда жаңғырған сайын тәуелсіз еліміздің сан ғасырлық жүріп өткен жолы көз алдымызға елес береді. Тарихымызға үңілсек, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-байтақ даламызды сыртқы басқыншылардан қорғау жолында қаншама апайтөс батырларымыз шейіт кетті. Олардың есімдері мен өмір жолдары туындының басты арқауына айналған.

«Мемлекеттік шекара» кітабындағы әңгімелер мен очерктер қатарына Тәуелсіз Қазақстанның Шекара қызметінің даңқты шежіресіндегі кейбір айтулы деген оқиғалар да кірген. “Ғасыр тажалына” баланып отырған есірткі тасымалына тосқауыл қоюда да шекарашыларымыз қырағылықтың үлгісін көрсетіп келеді. Жыл сайын ел тыныштығын күзетушілер Мемлекеттік шекарамызды заңсыз кесіп өтпек болған жүздеген адамның жолын кеседі. Айтулы еңбекте осы тақырыптар да қалыс қалмаған.

 Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp