«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихат жанындағы халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Онда өңіріміздегі спорт ұйымдарын дамыту және қаржыландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар  сөз болды.

Бұл мәселені жан-жақты зерттеу мақсатында халық қалаулылары облыстың бірқатар спорт нысандарын аралады. Депутаттар Петропавл қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» спорт клубында, олимпиадалық резервті даярлау орталығында, жоғары спорт шеберлігі мектебінде болды. Сонымен қатар Тимирязев ауданында Интернационал ауылдық округінің мәдени-сауықтыру орталығымен де танысты. Жергілікті жерлерде депутаттар спорт ұйымдарының жетістіктерін саралап, түйткілді мәселелерге ерекше назар аударды.

Отырыста облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов баяндама жасады. Халық қалаулылары баяндамашыға сұрақтар қойып, осы саладағы өзекті мәселелерді  талқылады.

Тұрақты комиссияның төрайымы Ирина Эктова отырысты қорытындылай келе, облыс аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында және «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша бұқаралық спорт түрлерін дамыту ортақ міндет болып табылатынын атап өтті.

Қаралған сұрақ бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өз өкілеттігі шегінде тиісті қаулы қабылдады.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp