«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЕГЕЙ КЕШЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Тұрғын үйден бөлек, көптеген әлеуметтік нысандар тұрғызылуда. М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де заманауи оқу-зертханалық корпусы салынуда.

Бас мердігер – «Вершина» ЖШС. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың маусым айында қолға алынған. Он қабаттан тұратын зәулім кешеннің жалпы аумағы 16 мың шаршы метрді құрайды. Қазір мұнда монолитті темір-бетон конструкциялау жұмыстары  аяқталды. Жоба жетекшісі Дмитрий Дворниктің айтуынша, кешеннің сырты әйнекпен қапталады. Бүгінде қабырғасын көтеру жұмыстары аяқталуға жақын.

 Құрылыс басында шамамен 85 адам еңбек етуде. Тас қалаушылардан бөлек, инженерлік, электр жүйелерін орнатып, ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысып жатқан мамандар бар. Ішкі жылу жүйесі бойынша жұмыстар желтоқсан айында толық аяқталады. Кешен алдағы жылы пайдалануға берілмек.

 

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

СУРЕТТЕ: құрылыстан көрініс.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp