«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЛАЙН – ЖӘРМЕҢКЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық  көші-қон қызметінің мамандары Петропавл медицина  колледжінде онлайн-жәрмеңкеге қатысты. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да ведомство өкілдерімен бірге тәртіп сақшылары «Facebook» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде және «ZOOM» платформасына келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Желі қолданушыларын негізінен жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу толғандырды. Шетелдік азаматтарды тіркеу жөнінде де сұрақтар қойылды. Көші-қон қызметінің мамандары шетелдіктер тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында 30 күн, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің азаматтары 90 күн бола алатындарын еске салды.

Жыл басынан бері облыстық көші-қон қызметінің бөліністері 108 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 5319-ы электронды форматта, 1136-і баламалы негізде, яғни адамның таңдауы бойынша, 959-ы қағаз түрінде және 101 мыңнан аса мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылған. Жұмыс халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшудің негізгі факторларының бірі болып табылатын қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарына негізделген.

Онлайн-жәрмеңкеде біздің қызметкерлер желі қолданушыларынан отызға жуық сұрақ қабылдады және олардың әрқайсысына жан-жақты жауап берілді.

Ермек НҰСЫРБАЕВ,

облыстық көші-қон қызметі басқармасы

бастығының міндетін атқарушы,

полиция подполковнигі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp