«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәуелсіздік – тұғырым!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Егемен еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген толағай табыстары біздерді-аға буын өкілдерін де керемет қуантады, болашағымыздың жарқын екеніне нық сенім ұялатады. 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастау алған Тәуелсіз мемлекетіміз Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында дүние жүзіне танымал мемлекет болып қалыптасты.

Тәуелсіздік біздерге оңай келген жоқ, Тәуелсіздік ата-бабамыздың сан ғасырлар бойғы арманы еді, сол күнге де жеттік. Қасиетті де қастерлі ұғым – Тәуелсіздік біздерге не берді деп сараласақ, тарихта бірінші рет ұлан-ғайыр жеріміздің шекарасы көрші мемлекеттермен мөр басылып белгіленді, Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, мемлекеттік Гимні енгізілді. Ел Тәуелсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды, 1993 жылдың қараша айында төл теңгеміз қолданысқа енгізілді, 1995 жылдың 30 тамызында Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы  қабылданды, еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына толыққанды мүше болып қабылданды.

Тәуелсіздік – қастерлі де қасиетті ұғым. Қазақ халқы мемлекет құраушы ұлт ретінде еліміздегі ұлтаралық татулық пен өзара келісімнің ұйытқысы болып келеді. Ең қуанарлық жағдай егеменді елімізде азаматтарымыздың сапалы өмір сүруіне берік әлеуметтік негіз қаланған. Осындай саясаттың нәтижесінде елімізде  тәуелсіздік жылдары көптеген жаңа мектептер, ауруханалар, заманауи тұрғын үйлер, өндірістік ғимараттар салынуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сонымен қатар іскер азаматтардың басшылығымен елді мекендерімізде архитектуралық әсемдігімен көз тартатын мешіттер де бой көтеруде.

Өзіміз өмір сүріп жатқан Солтүстік Қазақстан облысында да ауыз толтырып айтатын игі істер, жүзеге асырылып жатқан экономикалық ірі жобалар көп. Ал Есіл ауданының жетістіктеріне тоқталсақ, ауылшаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдар мемлекеттік қолдаудың арқасында ірі жетістіктерге жетіп, аяқтарынан нық тұрды. Заманауи техникалар жыл сайын сатып алынып өндіріске енгізілуде, егін шаруашылығымен қатар асыл тұқымды мал шаруашылығы да дамып келеді.

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер аз емес. Мәселен,  нақ осы жылдары Ақтас, Тауағаш ауылдарында заманауи жаңа мектептер бой көтерді. Сол сияқты жыл сайын кезең-кезеңімен бюджет қаражаты есебінен елді мекендердегі мектептер, медициналық нысандар күрделі жөндеуден өткізілуде. Аудан орталығы Явленка ауылында жаңа емхана салынды, жаңа спорт алаңы бой көтеруде. Ауылдық жерлерде де спорт алаңдары салынуда, елді мекендерге апаратын тасжолдарға асфальт төселіп, жөнделуде. Елді мекендерді тіршілік нәрі сапалы таза ауызсумен қамтамасыз етуге қомақты қаржы бөлінуде. Қандас бауырларымызды қоныстандыру үшін елді мекендерімізде жаңа үйлер салынып жатыр.

Төлеген МҰҚАШЕВ,

аудандық ардагерлер

кеңесінің төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp