«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарттарға арналған үйірме

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық зейнеткерлер саламатты өмір салтын ұстанып, каратэ спортына қызығушылық танытуда. Олардың арасында түрлі жарыстардың жүлдегерлері де бар.

Қазірдің өзінде қызылжарлық қариялар алдағы уақытта өтетін турнирлерге дайындық жүргізіп, сары белбеу алу үшін тынбай еңбек етуде. Солардың бірі – Людмила Боброва. Қарияның жасы 61-де. Ол бұған дейін бірде-бір спорт түрімен айналыспаған. Алғашында, әрине, қиын болған, бірақ табанды жаттығулардың арқасында зейнеткер бүгін көк белбеу иесі атанып отыр.

 – Жас ұлғайған сайын денсаулықтың қадірін біледі екенсің. Бүгіндері бос уақытымның біраз бөлігін жаттығу залдарында өткізіп жүрмін. Жарыстардан қалыс қалмауға тырысамын. Алғашқы нәтижелерім де жаман емес, – дейді зейнеткер.

Каратэ үйірмесіне соңғы кездері жазыламын деушілердің қарасы қалыңдап келеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

«Soltüstık Qazaqstan».

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp