Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер азаматтық қару мен олардың патрондарын сатып алуға 1251 рұқсат қағазын ресімдеді. Облыстың 7167 тұрғынында 12121 бірлік қару бар, оның 1032-сі ойық ұңғылы. Әр қару иесін полиция қызметкерлері жүйелі түрде тексереді. Бұл жұмыстың мақсаты қару ұрлығын жасау және оны қылмыстық мақсатқа пайдалану қаупін азайту болып табылады.
Жыл басынан бері жүргізілген тексерістер барысында облысымызда қару иелері тарапынан 848 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе сейфте қарумен бірге бөгде заттарды (құжаттар, ақша, құнды заттар) сақтамау талаптары, сондай-ақ қаруды қайта тіркеу мерзімі бұзылады. Полицейлер қару иелерінен заңнама нормаларын қатаң сақтауды, олардағы өзгерістерді қадағалап отыруды сұрайды.
Серік ӘЛЖАНОВ,
облыстық әкімшілік полиция
бастығы, полиция подполковнигі.