«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖҮЛДЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Керекуде өткен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған “Ұлттың ұлы ұстазы” атты республикалық ақындар айтысында Ерік Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебінің шәкірті Ақтілек Қайымхан “Желдірме жыр” арнайы жүлдесіне ие болды. Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 12 талапкер қатысқанын айтып өткен жөн.

Ұстаздары болашағынан зор үміт күтіп отырған жас дарын Ақтілек Қайымхан бүгінде Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 2-курс студенті. Екі жылдан бері Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебінде шеберлігін шыңдауда.  

– Ақтілек – біздің талантты шәкірттеріміздің бірі. Ол сахнада өзін еркін ұстайды. Сөз мәнері де келіскен. Домбырада да шебер ойнайды. Серілердің сарқытындай әншілік дарыны да жоқ емес, – деді Ерік Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебінің жетекшісі Жарқын Жұпархан. 

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp