«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.11.2021

“ВИКТОРИЯ” – ҚАРСЫ БАРЛАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЕЛЕУЛІ ЖЕҢІСІ!

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және негізін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаған, нығайту бағытын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келе жатқан мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайтын “Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы …

“ВИКТОРИЯ” – ҚАРСЫ БАРЛАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЕЛЕУЛІ ЖЕҢІСІ! Read More »

АУРУДЫ АСҚЫНДЫРМА, ЕКПЕ АЛ!

Коронавирус жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуына әкеледі. Қан ұюының бұзылуы тромбтардың пайда болуына әсер етеді. Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы аурухананың кардиологиялық блок жетекшісі Мақсат Құдраттоллаев қауіпті дерттің алдын алу үшін жүрек-қан тамырлары ауруы барларға коронавирусқа қарсы екпе алуға кеңес береді.

ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшу (мүлік иелері бірлестігі) мәселесі қаралды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту сала­сындағы өзгерістер туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Ілиясов айтып берді.

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі полиция жұмысының сервистік моделінің ауқымын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау мақсатымен өңірімізге Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Мұрат Баймұқашев келді.

ШЕШІЛМЕЙТІН МӘСЕЛЕ ЖОҚ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов онлайн форматта өңір тұрғындарының мәселелерін тыңдады. Қашықтан қабылдау барысында облыс әкіміне жол, жарық, мал азығының бағасы мен дәрігер тапшылығына қатысты сұрақтар қойылды. Петропавлдың шетіндегі “Солнечный 2” кентінің тұрғыны Инеш Бейсембаеваның айтуынша, ықшамауданда жол, жарық, интернет мәселесі өзекті. Жаңа үйлердің жылыту жүйесі дұрыс істелмегендіктен баспаналары суық көрінеді.

ЖАМАН ӘДЕТТЕН АДА ЖАСТАР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде мектеп оқушылары арасында өткен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: тарих және қазіргі заман» тақырыбындағы облыстық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

40 га алқаптың өртенуіне сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында өткен демалыс күндері 32 рет дала шөбі жанып, 7 өрт шықты. Мамандар мұны құрғақ ауа райы және қатты желмен байланыстырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылжарда мамандар көпір құрылысына неліктен картон қолданғанын түсіндірді

Петропавлдағы Жұмысшы кентіне апаратын көпірді жөндеу барысында не себепті картон қолданылғанын бүгін мамандар түсіндірді. Құрылысшылардың «технологиясы» әлеуметтік желіде көпшіліктің талқысына түскен еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.