«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАМАН ӘДЕТТЕН АДА ЖАСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде мектеп оқушылары арасында өткен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: тарих және қазіргі заман» тақырыбындағы облыстық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Өскелең ұрпақтың бойында азаматтық ұстаным мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, парасаттылыққа тәрбиелеу бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспар аясында өткен байқау қос тілде ұйымдастырылды.

– Облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған шара барлық мектептерде өткізілді. Мектепте білім мен қатар тәрбие де беріледі. Ал тәрбиенің көзі – мұғалім және ата-ана, одан қалды қоршаған ортасы. Осындай байқауларға  ерікті түрде қатысып, өз көзқарасын білдіру – балалардың өмірлік ұстанымдарын қалаптастырады, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдепартаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Коронавирус пандемиясына байланысты қауіпсіздік талаптары ескеріліп, жеңімпаздар бұл жиынға «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.

              –  Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сондықтан бұл күрделі мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды.  Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін теледидардағы жаңалықтардан, әлеуметтік желілерден, газет беттерінен көріп, оқып жүрмін.  Сол себепті де осы тақырыпта эссе жазғым келді. Эссені жазу барысында  зор жауапкершілікті сезіндім, – деді І дәрежелі дипломмен марапатталған 9-сынып оқушысы Нұргүл Рысова. Дәл осындай дипломға Владислав Власенко, Махаббат Достанова, Алтынай Ерік, Карина Шамсудинова, Анастасия Шустарева да ие болды. Өзге қатысушылардың да еңбегі атаусыз қалған жоқ.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp