«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.11.2021

Бізді де ұмытпаса екен

Әр адамға кір жуып, кіндік кескен жері қымбат. Мен үшін алтын бесік – ауылым­ның орны ерекше. Жамбыл ауданындағы Баян ауылында өсіп-өніп, өркен жайдым. Әлі де сол жерде тұрып жатырмын. Өйткені Баян­ды басқа қонысқа айырбастамаймын. Қазір жасым 85-те. Қартайған шағымда қо­лы­ма қалам алуға түрткі болған жағдай – ауыл­дағы бүгінгі ахуал. 20 жасымнан бас­тап жыл сайын жаздырып …

Бізді де ұмытпаса екен Read More »

БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІПСІЗ

Қазақстанға бірер күн бұрын “Pfizer” вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілгені белгілі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 4 млн. 230 доза вакцина сатып алынғанын мәлімдеген еді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша штаттан тыс педиатр-дәрігер Анар Сарбасова балалар арасында вакциналау науқаны қалай жүргізілетінін айтты.

Қажырлы еңбектің жемісі

Қарашаның 15-і – Ұлттық валютамыздың айналымға енгізілген күні. Сонымен қатар бұл күні қаржы жүйесі қызметкерлері төл мерекелерін атап өтеді. Қазақстанның қаржы жүйесі 1921 жылы құрылды, демек бұл саладағы жұмыстың басталғанына бір ғасыр болып отыр.

ТЕҢГЕ ТАРИХЫ

1993 жыл. Қарашаның жартысы өтіп, ауылдағы ағайынның алды соғым союға кі­рісе бастаған кез. Кеңес одағы ыдыраға­нымен шаруашылықтардың түтіні әлі де болса тік ұшып тұрған шақ. Әйтеуір, қиын­дық пен қайғының не екенін әлі білмейтін менің бала көңілімде сол күндер мамыра­жай кезең ретінде есте қалыпты. Ал ере­сек­тердің тапшылықтың тобықтан шала бас­тағанын, қиындықтардың бәрі алда еке­нін сезгені анық …

ТЕҢГЕ ТАРИХЫ Read More »

Есірткі жайлы фильм

Облыс полицейлерінің бастамасы­мен “Соли и спайсы. Дорога в никуда” атты фильмнің екінші бөлімі түсірілді. Деректі туындыда синтетикалық есірткілердің зияны жайлы баяндалады.

Студенттермен кездесті

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақ­стан универси­теті медицина факультетінің студенттері травматолог-ортопед, вертебролог, PhD докторы Нұрбек Нәдіровпен кездесті. Кездесу барысында дәрігер омыртқаның деформациясы бар науқастарды (сколиоз, кифоз, омыртқа жарақаты және т.б.) емдеу бойынша өз тә­жірибесімен бөлісті.

“СЫЛАҢ ҚЫЗ”

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Жүсіпбек Аймауытовтың сатиралық шығармасы “Сылаң қыз” қомедиясының негізінде сахналанған спектакльдің тұсаукесері болды. Қойылымда өткен ғасырдың 20-шы жылдарындағы қазақ ауылының тұрмысы, сол замандағы әйел теңсіздігі әжуаланды. Әртістер бар шеберліктерін көрсетіп, көрерменді қыран-топан күлкіге қарық қылды.

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР елордалық меймандардың көңілінен шықты

Облысқа жұмыс сапарымен Парламент Сенатының “Өңір” депутаттық тобының мүшелері мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығы келді. Олар Петропавлдағы бірқатар әлеуметтік нысандарды, кәсіпорындар мен құрылыс алаңдарын аралап көрді. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов қонақтарға облыста жүзеге асырылып жатқан тың жобалар жөнінде ақпарат берді.

Жаңа жүйенің артықшылығы көп

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдік отырысы кадрлық тағайындаудан басталды. Облыс әкімінің өкімімен Нәзір Жәшібеков облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол Білім және ғылым министрлігіне қарасты “Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.

РУХАНИ БОЛМЫСЫМЫЗДЫҢ АЙНАСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты биылғы Жолдауының басты ерекшелігі – тәу етер тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуінде. Президент Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз екенін атап өткен болатын. “Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – …

РУХАНИ БОЛМЫСЫМЫЗДЫҢ АЙНАСЫ Read More »

Үздік мұражай

Облыстық полиция департа­ментінің мұражайы ашылған­нан бергі 32 жылда алғаш рет келушілерді бейнеконфе­рен­ция форматында қарсы алды. Бұл карантиндік шектеулерге бай­ланысты жасалып отыр. Қа­ла­лық және облыстағы он үш ау­дандық полиция бөлімдерінің жас қызметкерлері мен арда­гер­лері бейнеконференцияға қосылды. Конференцияның жүр­гізушілері – мұражай меңгеру­шісі Любовь Осинская мен об­лыстық полиция департамен­ті ішкі және сыртқы коммуни­ка­ция­лар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина мұражайдың …

Үздік мұражай Read More »