«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздік мұражай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­ментінің мұражайы ашылған­нан бергі 32 жылда алғаш рет келушілерді бейнеконфе­рен­ция форматында қарсы алды. Бұл карантиндік шектеулерге бай­ланысты жасалып отыр. Қа­ла­лық және облыстағы он үш ау­дандық полиция бөлімдерінің жас қызметкерлері мен арда­гер­лері бейнеконференцияға қосылды. Конференцияның жүр­гізушілері – мұражай меңгеру­шісі Любовь Осинская мен об­лыстық полиция департамен­ті ішкі және сыртқы коммуни­ка­ция­лар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина мұражайдың тари­хын баяндап берді. Мұражай – бес мыңнан астам экспонат ор­на­ластырылған төрт үлкен зал­дан тұрады. Өткен жылдары ведомство музейіне 45 мыңнан астам адам келген. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген бірінші республикалық кон­курс­тың қорытындысы бойынша музей Ішкі істер министрлігінің үздік ведомстволық полиция музейі деп танылды.

Конференцияға қатысушы­лар­ға негізгі экспозициялар көр­сетілді. Со­ның бірі – «Жеке ерлі­гі үшін» ордені­мен марапаттал­ған жалғыз солтүстікқазақстан­дық тәртіп сақшысы – милиция ма­йоры Алексей Щербаковқа арналған. Аққайың ауданының орталығындағы көшелердің бірі оның есімімен аталады. Жалпы облысымызда бес көшеге қыз­меттік міндеттерін атқару кезін­де қаза болған қызмет­кер­леріміздің есімдері берілген. 1935-1995 жылдары аралығын­да қылмыскерлермен күресте сегіз қызметкер қаза тапқан. Же­піс жыл бұрын қылмыскер­дің қолынан қаза тапқан қатардағы милиционер – Ғазиз Есімов сол­түстікқазақстандық полицей­лер­дің мәңгі есінде.

Облыстық полиция музе­йін­де резонанстық қылмыстар жай­лы да ақпарат бар. Солардың бірі – 2007 жылы Уәлиханов ау­да­нында қатыгездікпен бес адам­ды өлтіру фактісі. Келесі бір бірегей жәдігер – отызға жуық есірткі қылмысын ашуға септігін тигізген Рекс есімді ит­тің тұлыбы. Төртінші залдағы экс­позициялар Тәуелсіздік жыл­дарына арналған, мұнда бүгінгі күн батырларының ерліктері жә­не өз мамандығы бойынша үз­дік деп танылған қызметкер­лердің есімдері көрсетілген.

Бейнеконференцияны қоры­тын­дылаған облыстық полиция департаменті кадр саясаты бас­қармасының бастығы, полиция подполковнигі Әбілғазы Ғаб­дул­лин ішкі істер органдары му­зей­лерінің жастарды отан­сүй­гіштікке тәрбиелеудегі маңызы жайлы айтып берді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp