«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есірткі жайлы фильм

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлерінің бастамасы­мен “Соли и спайсы. Дорога в никуда” атты фильмнің екінші бөлімі түсірілді. Деректі туындыда синтетикалық есірткілердің зияны жайлы баяндалады.

Бұл фильмнің бірінші бөлімі үш жыл бұрын жарыққа шыққанды. Онда қаскөйлердің жастар арасында есірткінің жаңа түрлерін тарату жолдары туралы айтылды. “YouTube” желісінде оны 600 мыңнан астам адам қарады. Бұдан бөлек, бейнежазбаны полицейлер наша­қорлық фактілерін азайту мақсатында өңірдің білім беру мекемелерінің оқушыларына көрсетті.

– Биыл облыста 7 есірткі зертханасы жойылды, оның 3-уі “син­тетикалық есірткі” өндірумен айналысқан. Тұз бен спайс сататын 13 интернет-дүкен жабылды, есірткіні өткізумен айналысқан 24 адам ұс­талды. Заңсыз айналымнан 4 килограмнан астам “синтетика­лық есірткі” алынды – бұл мыңдаған доза. Петропавлдың орталық көшелеріндегі үйлердің қабырғалары­ның сиқын кетірген есірткі граффитилер боялды. Бұл оң өзгерістер фильмнің екінші бөлімінде баяндалған, – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Фильмді “QZ media” ұжымы түсірсе, “Green help” үкіметтік емес ұйымы демеушілік жасаған.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp