«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Студенттермен кездесті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақ­стан универси­теті медицина факультетінің студенттері травматолог-ортопед, вертебролог, PhD докторы Нұрбек Нәдіровпен кездесті. Кездесу барысында дәрігер омыртқаның деформациясы бар науқастарды (сколиоз, кифоз, омыртқа жарақаты және т.б.) емдеу бойынша өз тә­жірибесімен бөлісті.

– Мен қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының ортопедия және вертебрология бөлімінде травматолог-ортопед, вертебролог болып жұмыс істеймін. Бұл жерге келудегі мақсатым – аудан, аймақтарға шығып, облыстық ауруханаларға барып, әріптестеріммен тәжірибе бөлісу. Қиын жағдайға тап болған науқастардың біздің орталықта ем алуға мүмкіндігі бар екенін айтқым келеді. Бұл өңірде дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады. Университет базасында медицина факультетінің бар екенін естіп, қатты қуандым, – деген Нұрбек Нәдіров меди­цина факультетінде білім алып жатқан студенттер алдағы уақытта жас маман атанып, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Білікті дәрігер аталмыш университеттің даму стратегиясымен танысып, болашақ медициналық қызметкерлерге шет тілін жақсы меңгеріп, көп оқуды дағдыға айналдыру қажет екенін ескертті. Өйткені медицина саласына қатысты көптеген материалдар ағылшын тілінде. Сонымен қатар мемлекеттік тілді де қатар дамытып, қазақша медициналық материалдарды көптеп шығару қажет екенін жеткізді.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp