«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қажырлы еңбектің жемісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарашаның 15-і – Ұлттық валютамыздың айналымға енгізілген күні. Сонымен қатар бұл күні қаржы жүйесі қызметкерлері төл мерекелерін атап өтеді. Қазақстанның қаржы жүйесі 1921 жылы құрылды, демек бұл саладағы жұмыстың басталғанына бір ғасыр болып отыр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елдің эко­номикалық қауіпсіздігін қамтама­сыз ететін тиімді қаржы жүйесі құ­рылды. Мемлекеттік кірістер ор­гандарының жұмысы бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған. Яғни мемлекеттік қыз­метшілердің, бюджеттік және әлеу­меттік сала қызметкер­ле­рінің еңбекақысының уақтылы тө­ленуі, зейнетақылар мен жәр­дем­­ақыларды дер кезінде беру, елі­­міздің ішкі және сыртқы қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарын материалдық қамтамасыз ету осы органның үйлесімді және тиімді жұмысына тікелей байла­нысты.

Республикалық бюджеттен өңі­ріміздің әлеуметтік саласын да­мытуға қомақты қаражат бөліне­ді. Облыста заманауи аурухана­лар, спорт сарайлары, мектептер және басқа да әлеуметтік ма­ңы­зы бар нысандар салынуда. Осы­ның бәрі салықтар мен бюджетке тө­ленетін төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ете­тін қаржы жүйесінің маңызды буындарының бірі болып табы­латын мемлекет­тік кірістер орган­дары жұмысы­ның нәтижесі.

Салықтық және кедендік әкім­шілендіруді жетілдіру жоспарлы түсімдердің асыра орындалуына ықпал етті. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігі соңғы 5 жылда 1,5 еседен астам өсті. 2021 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша мем­лекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің күтілетін сомасы 114 млрд. теңгені құрайды, оның ішін­де жергілікті бюджетке 67 млрд. теңге немесе 2016 жылмен са­лыстырғанда 1,7 еседен астам тү­сім түседі.

Үстіміздегі жылы пандемияға байланысты шағын және микро биз­неске көрсетілген жеңілдік­тер­ге қарамастан, түсімдердің тұ­рақты өсуі сақталып отыр. Мә­селен, 10 айдың қорытындысы бо­йынша мемлекеттік бюджетке түс­кен қаржы өткен жылдың деңгейі­нен 14,2 млрд. теңгеге артық, оның ішінде жергілікті бюджетке 10 млрд. теңге түсті немесе 121,9 пайызға тең.

Мемлекеттік кірістер комитеті­нің барлық жұмыс үрдісін, қыз­меттерін цифрландыру және ақ­параттық жүйелерді интеграция­лау бойынша ауқымды жұмыс жүр­гізілуде. 100 нақты қадам – Ұлт жос­парының 38-қадамын орын­дау үшін жүргізіліп жатқан жұмыс­тар сыртқы экономикалық қызмет­ті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру саласындағы сер­піліс деп танылды. Қазіргі уақыт­та тауар­лар­ды қағаз түрінде ке­ден­дік дек­ларациялау толығы­мен алынып тасталды. Тауарлар­ды кедендік тазарту «АСТАНА-1» ақпараттық жү­йесі арқылы жүзе­ге асырыла­ды, барлық кедендік рә­сімдер бо­йынша электрондық дек­ларация­лау енгізілді.

Электрондық декларациялау­ды енгізудің арқасында тауар­ларға арналған декларациялар­дың 67 пайызы санаулы минут­тарда «жасыл дәліз» арқылы ав­томатты режімде шығарылады. Осыған байланысты сыртқы эко­номикалық қызметке қатысушы­лар­дың белсенділігі артты, об­лыс­тың сыртқы сауда айналымы 2 есе өсті, үшінші елдердің аума­ғынан әкелінетін тауарлар им­порты 1,4 есе өсті.

Шот-фактураларды электрон­дық түрде беру бағдарламасын енгізу көлеңкелі экономикаға қар­сы пәрменді күрес тетігі болып та­былады және жалған шот-фак­тураларды жазып беретін кәсіп­орын­дар санын күрт қысқартуға мүмкіндік берді, бұл деклара­циялар мен салық базаларындағы кірістердің ұлғаюына әкеледі. Үс­ті­міздегі жылдың 9 айында 392125 мемлекеттік қызмет көр­сетілді. Электрондық қызмет­тер­дің үлес салмағы 99,4 пайызды (389 917 қызмет) құрады.

Өңірімізде салық қызмет­кер­лері мен кеденшілердің кәсіби командасы құрылды. Тәуелсіз елі­міздің қаржы және салық қызметі құрылуының бастауында тұрған қызметкерлер туралы ерек­ше айтқым келеді. Дәл осы адамдар өздерінің ұзақ жылғы тәжірибеле­рін жас әріптестеріне үйретті. Зия­да Бекназарова, На­талья Овден­ко, Бауыржан Құл­жа­нов, Сейіт Уақ­паев бастаған ар­дагерлеріміздің есімдерін ерек­ше атап өткен жөн. Сондай-ақ мем­лекеттік кірістер ор­гандары­ның қазіргі үздіктері де мақ­тауға ла­йық. Ирина Кузнецо­ва, Олег Бе­лоусов, Наталья Сос­нов­ская – өз ісінің нағыз майтал­мандары.

Қаржы жүйесінің барлық қыз­мет­керлерін кәсіби мереке – қар­жыгер күнімен шын жүректен құт­тықтаймын. Өңірдің экономи­ка­лық тұрақтылығы мен дамуы аталмыш орган қызметкерлерінің кәсіпқойлығына, жауапкер­шілігі­не, адалдығына, алға қойған күр­делі міндеттерді жүзеге асыруға деген талпыныстарына байла­ныс­ты. Әріптестеріме, жемісті жұ­мыс, мақсатқа жетуде шыдамды­лық пен батылдық, мықты ден­сау­лық тілеймін!

Төлеген ҚАБДӨШЕВ,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp