«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа жүйенің артықшылығы көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдік отырысы кадрлық тағайындаудан басталды. Облыс әкімінің өкімімен Нәзір Жәшібеков облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол Білім және ғылым министрлігіне қарасты “Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.

Әкімдік отырысында қаралған мәселе – кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа жүйесіне ауысу. Жиында тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесінің артықшылықтары кеңінен сөз болды. Мәселен, меншік иелері бірлестігін немесе серіктестік құру арқылы жергілікті бюджет есебінен кондоминиум объектісін тіркеу, үйдің жер телімін рәсімдеу, үйге техникалық тексеру жүргізу, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне, шатырларына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ тұрғын үй емес нысандарды, жертөлені және тағы басқа орындарды жалға беру арқылы кіріс көзін арттыра алады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Ілиясовтың айтуынша, тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшу көппәтерлі баспаналарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, түскен қаражатты жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

– Облыста басқарудың жаңа жүйесіне 1545 үй өте алады. Қазіргі уақытта үйлерді басқарудың 940 жаңа нысаны тіркелді.

Соның ішінде 71-і меншік иелері бірлестігі (Петропавл қаласында – 55, Мамлют ауданында – 12, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда – 1, Тайынша ауданында – 3) және 868 серіктестік бар. Жобалық кеңсе аясында басқару нысандары бойынша деректерді “Easyproject” жүйесіне енгізу қажет. Бүгінгі күні құрылған 940 басқару нысанының 886-сы немесе 94 пайызы жүйеге енгізілді, – деген Бахыт Ілиясов “Easyproject” жүйесіне деректерді енгізу бойынша жұмысты қысқа мерзімде аяқтау қажет екенін айтып, алдағы уақытта кондоминиум объектілерін басқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін көппәтерлі үйлер туралы барлық деректерді интеграциялау жоспарланып отырғанын хабарлады.

Отырыста Мағжан Жұмабаев, Тайынша аудандарының әкімдері тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшу мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Облыста жыл сайын тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Солтүстікқазақстандықтар үшін баспана қолжетімді болуда. Соңғы бес жылда құрылыс көлемі екі есе артты. Яғни 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріліп, 30 мыңнан астам тұрғын қоныстойын атап өтті. Бюджеттің өсуі баспана қорын жаңартуға және жөндеуге, үйлердің маңын абаттандыруға мүмкіндік беріп отыр, – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Бұған дейін болған пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына тұрғындар тарапынан шағымдар жиі түсетін. Тіпті бір ПИК 25 көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсеткен. Ал мұндай мысалдар жетіп артылады. Сондықтан жаңа жүйе тұрғындар үшін тиімді болмақ. Бұл орайда, ең бастысы, мемлекет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға мүдделі. Сондықтан үстіміздегі жылы 18 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтсе, келесі жылы осындай 12 баспананы қалпына келтіру жоспарлануда. Жыл сайын тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға да жіті көңіл бөлінуде. Соңғы бес жылда облыс орталығындағы 400-ге жуық аула абаттандырылыпты. Келесі жылы да бұл жұмыс жалғасын табады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp