«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.11.2021

БАБЫ КЕЛІСКЕНМЕН, БАҒЫ ЖАНБАҒАНДАР

Спорт еркелікті көтер­мейді. Сәл босаң­сысаң, саптан шығып қаласың. Талай жыл төккен терің мен еңбегің еш кетеді. Бұған бабы келіссе де, бағы жанбаған жұлдыздарды айтуға болады. Бір кездері жасындай жарқ етіп, кейін көрінбей кеткен футболшылар тізімін ұсынамыз.

Қозыбаев оқулары өтті

Петропавлда белгілі қазақ ғалымы, тарихшы, қоғам қайраткері Манаш Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қозыбаев оқулары-2021: білім мен ғылымды дамытудағы жаңа тәсілдер мен заманауи көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетел нөмірі бар көлік иелерінде қандай сұрақтар туындауда

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер шетел нөмірлері бар автокөлік жүргізушілеріне арналған Сall-орталық құрып, оған бір тәулікте 50-ге жуық қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцина егде жастағы адамдарға үйіне барып салынады

Солтүстік Қазақстан облысында вакцинация қарқыны төмендеп кеткен. Екпе алмағандардың басым бөлігі – егде жастағы адамдар. Олардың көпшілігіне емханаға барып вакцинациядан өту қиын. Сондықтан бүгіннен бастап мамандар сұранысқа қарай үйлеріне барып екпе жасайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік зерттеудің қорытындысы жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында мектептің жоғары сынып және колледж оқушылары арасында қазіргі жастардың ойы мен қызығушылықтарын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. 4 айға созылған жобаға 5 мыңға жуық жас қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.