Әлем кубогының иегері
Ресейдің астанасы Мәскеуде қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеге дүниежүзінің 30 мемлекетінен 300-ден астам спортшы қатысты. Дүбірлі жарыста ел намысын қорғаған Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери институтының курсанты Сауран Арапбай жеңімпаз атанды.