«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі жеңіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Хоккейден жоғары лига ко­мандалары арасындағы ел біріншілігі жалғасуда. Жергілікті хоккейшілер өз айдынында павлодар­лық “Ertis” командасын қабылдап, екі кездесуде де жеңіске жетті.

Бірінші ойында жерлестеріміз павлодарлық қарсыластарының қақпасына жауапсыз 6 шайба дарытты. Қорытынды есеп – 6:0. Ал екінші кездесу өзгеше мәнерде өрбіді. Есепті бірінші болып құлагерліктер ашты. Нәтижелі соққының авторы – Станислав Логинов. Келесі кезеңде де жергілікті хоккейшілер алған бағыттарынан таймай, есепті 2:0-ге дейін жеткізді. Десе де “Ertis” клубы осал қарсылас емес екендіктерін дәлелдеуге тырысып, есеп айырмасын қысқартты. Ал үшінші кезеңде қызылжарлықтар тағы бір шайба соққанымен, таблодағы басымдықты ұстай алмады. Ойынның негізгі уақыты 4:4-пен аяқталды. Тек булиттер сериясында ғана “Qulager” клубы кезекті жеңісіне қол жеткізе алды.

31 ұпай жинаған “Qulager” турнир кестесінде 4-ші орынға жайғасса, “Ertis” клубы 6 ұпаймен көш соңында.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp