«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарна төлемеу — жұмысшы құқығын бұзу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі аймақтық штаб отырысы өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Лариса Гордееваның төрағалығымен өткен отырыста 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша тұрғындардың сақтандырылу мәселесі қаралды.

Облыста 565132 тұрғын болса, 281660 адам (50 пайыз) жеңілдік жа­салғандар санатына ие. Олар үшін міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру жарнасын мем­лекет төлейді. Жиында баяндама жасаған Лариса Гордеева ауда­рымдар мен жарналардың жү­йесіз және уақтылы төленбеуіне байланысты үстіміздегі жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 125346 тұрғын сақтандырылмаға­нын атап өтті. Ал тамыз айындағы мәлімет бойынша, бұл көрсеткіш 129395 адамды құрады. Бұдан облыс аудандары мен Петропавл қаласында сақтандырылмаған­дар­дың үлес салмағы аз да бол­сын азайғанын аңғаруға болады.

Қазіргі уақытта сақтандырыл­маған азаматтардың ең көп саны Петропавл қаласында және Та­йын­ша, Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев ау­дандарында тұрады. МӘМС жүйе­сінде сақтандырылмаған тұрғын­дар­дың скринингтен өту, консуль­та­циялық-диагностикалық көмек (оның ішінде қымбат тұратын ком­пьютерлік диагностика), медици­налық оңалту қызметтері, бірқа­тар аурулар бойынша жоспарлы стационарлық көмек сияқты ме­дициналық көмектің белгілі бір түрлерін алуға құқығы жоқ.

Сақтандырылмаған 30-40 (32 пайыз) және 41-50 (25 пайыз) жас­тағы азаматтардың еңбекке жа­рамды екені белгілі. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұ­мыс берушілер өз қызметкерлері үшін МӘМС жарналары мен ау­дарымдары бойынша 6,9 млн. тең­ге қарыз. Соның ішінде 301 заңды тұлға бойынша 4,5 млн. теңге жә­не 858 жеке кәсіпкерлік субъектісі бойынша 2,4 млн. теңге.

Аталған кәсіпорындардың әлеу­меттік төлемдерді дер кезін­де аудармауы қызметкерлері ме­ди­циналық көмек алу кезінде бір­қатар қиындықтар туғызып, олар­дың денсаулығын қорғауда конс­титуциялық құқықтарын бұзады. Сондықтан жарналарды уақтылы төлеу қажет.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp