«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қашықтан кеңес алуға бола ма?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

– Ауыл тұрғындарының бейінді мамандардан қашықтан кеңес алуына мүмкіндіктері бар ма?

Абзал ТЕМІРҰЛЫ.

Айыртау ауданы.

Оқырманымыздың бұл сауалына әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы Қарлығаш Ілиясова жауап берді:

– Қашықтан көрсетілетін қыз­меттердің арқасында медицина­лық көмек ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуда. Бейінді дәрі­герлердің, оның ішінде қа­зақ­стан­дық және шетелдік ғы­лыми орта­лықтардың маманда­рының кеңе­сін науқастарға тұр­ғы­лықты жер­ден онлайн ре­жім­де алуға бола­ды. Қашықтан көр­сетілетін меди­циналық қызмет­тер тегін медици­налық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңбе­рінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру жүйе­сінде көрсетіледі. Атал­ған меди­циналық көмекті алу үшін ем­деу­ші дәрігердің жол­дамасы қа­жет. Науқастар дәрі­герге дейінгі медициналық, ал­ғаш­қы медици­на­лық-санитарлық, мамандан­ды­рылған меди­ци­на­лық, оңал­ту, паллиативтік медициналық кө­мек түрлерін ала алады. Қа­шық­тан қызмет көрсету үйде, ме­дициналық ұйымнан тыс жерде, сондай-ақ амбулаторлық, ста­ционарлық, стационарды ал­мас­тыратын жағдайларда, са­на­торлық-курорттық ұйымдарда көрсетілуі мүмкін. Науқастың өмі­ріне айқын қауіп төндірмейтін ке­неттен жедел аурулар мен жағ­дайлар, созылмалы аурулар­дың өршуі кезінде шұғыл кеңес бері­ле­ді. Мұндай жағдайларда қыз­мет­тер консультациялық-медициналық ұйымға (оның жұмыс кес­тесіне байланысты) өтініш түс­кен сәттен бастап 3 сағаттан 24 са­ғатқа дейінгі мерзімде ұсынылуы тиіс. Медицина қыз­мет­кері нау­қас­пен аудио-ви­зуал­ды формат­та арнайы құра­лының көмегімен байланысады. Науқас тұратын ел­ді мекенде суретті бағалай ала­тын қажетті сарапшылар болма­ған жағдай­да қашықтан конси­лиум ұйым­дастыру маңызды.

Консилиум нақты уақыт режі­мін­де жүргізілген кезде диаг­ностикалық зерттеу жүргізетін ем­деуші дәрігер немесе меди­цина қызметкері және науқас ақпарат­тық-коммуникациялық техноло­гия­лар арқылы тікелей байла­ныс­та болады. Консилиум кон­суль­та­циялар режімінде жүргізіл­ген кезде консультант­тар немесе бе­йінді мамандар науқастың элек­трондық медици­налық құ­жат­та­масын және оның денсау­лық жағ­дайы туралы ақпаратты қа­шық­тан зерде­лейді. Олар бай­ла­ныс техноло­ги­ялары арқылы бір-бі­рі­мен пікірталас өткізеді және диаг­ностикалық зерттеу жүр­гізетін ме­дицина қызметкері­мен, нау­қас­пен байланыспай-ақ меди­цина­лық қорытынды дайын­дайды.

Дайындаған

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp