«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘН – КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда эстрадалық және джаз музыкасы оркестрінің қатысуымен концерт өтті.

Филармония әншілері Дә­меш Құрманкина, Медет Ибадуллаев, Асхат Таушев, Юлия Стадухина, Светлана Логвиненко әннен шашу шашса, “Сенсетив”, “Мәңгілік”, “Әдемі-ау”, “Арай” би ансамбльдері өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ көп­шіліктің қоше­метіне бөленіп жүр­ген “MIAMI”, “Melomix” топтарының орындауындағы әндер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

– Көпшілік қауымды рухани ләззатқа бөлеген кештен жақсы әсер алдық. Өнерпаздардың орындауындағы әндерді тыңдап, бір серпіліп қалдық. Әсіресе өңір сахнасының сандуғашы – Дәмеш Құрманкинаның орындауындағы әндер құлақ құрышын қандырды. Филармония әртістерінің әрқайсысының өнері көңілден шықты. Өнерпаз жастардың шығармашылығына тәнті болып, риза көңілмен тарқастық, – дейді қала тұрғыны Әлия Қыдырбаева.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp