«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлем кубогының иегері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейдің астанасы Мәскеуде қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубо­гы өтті. Байрақты бәсекеге дүниежүзінің 30 мемлекетінен 300-ден астам спортшы қатыс­ты. Дүбірлі жарыста ел намы­сын қорғаған Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери институтының курсанты Сауран Арапбай жеңімпаз атанды.

Жерлесіміз 65 килограмм салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Турнирде Сауран Арапбай төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алдымен ол Үндістан, Иран және Ресей спортшыларын қапы қалдырса, ақтық кездесуді өзбекстандыққа қарсы өткізді.

– Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қоян-қолтық ұрыстан дүинежүзілік дода “жекпе-жек” және “қорғаныс” бағыттары бойынша өтіп, мен біріншісі бойынша қатыстым. Бапкерім Мирас Бірімжановтың ақыл-кеңесін тыңдап, чемпион атандым. Жеке жаттықтырушыма алғысым шексіз, – деді Сауран Арапбай.

Сауран Әлем кубогының иегері атанып қана қоймай, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

СУРЕТТЕ: С.Арапбай мен бапкері М.Бірімжанов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp