«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.11.2021

“Донор күні”

Облыстық қан тапсыру орталы­ғын­да “Донор күні” акциясы өтті. Игі іс-шараға өңір полицейлері де қатысып, 50-ге тар­та тәртіп сақшысы қан тапсырды.

“АУЫЛЫМНЫҢ ТҮТІНІ ҚЫМБАТ МАҒАН”

“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” КММ жанынан құрылған “Рухани жаң­ғыру” бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Ауылымның түтіні қымбат маған” жобасы аясында фототүсірілімдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жас оқырмандарға олжа

Балалар мен жасөспірімдер­дің кітап оқуын қолдау жылы аясында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген жаңа кітаптар түсті.

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕСІН

Қазақстан Республикасы көпэтносты және көпконфессионалды мемлекет болғаннан кейін этносаралық және конфессияаралық келісімнің сақталуы аса маңызды. Еліміздегі 18 діни бірлестік пен 130-дан астам этностың тату-тәтті өмір сүруі мемлекеттің саясатының дұрыс бағытта екеніне бірден-бір дәлел. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде мешіттеріміз жамағатқа толып, құлшылық жасаушы­лардың қатары артты. Осы орайда еліміздің болашағы – жастардың дінге бет бұрғаны қуантарлық жағдай. …

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕСІН Read More »

БАБАЛАР ІЛІМІ АДАСТЫРМАЙДЫ

Ғасырлар қойнауына тереңдеп үңілген сайын саф алтындай жарқырып ұлттың ба­ға жетпес қазыналары шыға беретіндей. Тағдыры тәлкекке түскен қазақ халқы не бір соқтықпалы соқпақтар мен тар жол, тайғақ кешулерден өтіп, ғасырлар төрінен орын ала­тындай жауһарларын ұрпағына қал­дырып кеткені де шындық. Сол сарқылмас қазынадай бабалар аманатын, ғұламалық асыл дүниесін болашаққа жеткізу – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Бірлескен жұмыс

Облыс полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылық пен нашақорлықтың алдын алу­ға ерекше екпін береді. Жақында үкіметтік емес ұйымдармен осы саладағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес өткізді.

БҮГІНГІ ЖАРНАЛАР — ЕРТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ

Республиканың барлық өңірлерінде дерлік шектеу шараларының сақталуына қарамастан, БЖЗҚ са­лымшыларының жеке зейнетақы шоттарына жарналар жүйелі түрде түсіп жатыр. Оларға 2020 және 2021 жылдары есептелген инвестициялық табыс өткен жылдардың көрсеткіштерінен асып түсті. БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға өз шоттарын бақылау және басқа да зейнетақы қызметтерін алу мүмкіндігін жеңілдету үшін барынша заманауи әрі ыңғайлы қызметтерді ұсынуда. Бұл туралы …

БҮГІНГІ ЖАРНАЛАР — ЕРТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ Read More »

Асыл арманға жеткізген көшбасшы

Биыл еліміз Тәуелсіздігін алып, өз алдына отау тіккеніне отыз жыл толып отыр. 1991 жылдың 16 желтоқсанында сүйінші хабарды естіген жұрттың бірі қалмай сыртқа шығып, бірін-бірі қуана құттықтап, бөркін аспанға атқаны есімізде. Қаһарлы қыстың қытымыр аязды күні болса да, ел ішін шаттық кернеген, ұлттық рух аспанға өрлеген, ұмытылмас, ғажайып, тарихи күн болған еді. Дәл сол күні …

Асыл арманға жеткізген көшбасшы Read More »

Қандастардың атажұртқа оралуы

Мен көп жылдар бойы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жанында жұмыс істеу құрметіне ие болғанымды әлденеше рет айтқанмын. Біздің алғашқы танысуымыз Нұрсұлтан Әбішұлы республикалық партия комитетінің ел экономикасы мен өнеркәсібіне басшылықты жүзеге асыратын хатшысы болып жұмыс істеген кезде болды. Ол мені өзінің көмекшісі болуға дәл сол кезде шақырды. Содан бастап осы кезге дейін, мейлі ол Президент Әкімшілігі, …

Қандастардың атажұртқа оралуы Read More »

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУІ ҚАЖЕТ

Облыста өрт оқиғалары жиілеп кетті. Өрт сөндіру бөлімдерімен қатар арнайы құрылған бекеттер жұмыс істеуде. Бүгіндері олардың саны 42-ге жетіп отыр. Дегенмен олар да тілсіз жауға тосқауыл бола алмауда. Бұл мәселе өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында қаралды.

Тың жобалар қолдауға ие

Облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Сапаровтың төрағалығымен “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының жанындағы даму жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында өткен жылы өңірімізге салынған жеке инвестициялар көлемі 286 млрд. теңгені құрағаны, бұл көрсеткішті 413-ке жеткізу жоспарланып отырғаны айтылды.

Реформалардың түпкі межесі – ұлт сапасын жақсарту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Президенттің Ұлттық кеңес аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы пысықталып, Кеңес мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланған жиынға Кеңес мүшелері мен министрлер қатысты.