«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірлескен жұмыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылық пен нашақорлықтың алдын алу­ға ерекше екпін береді. Жақында үкіметтік емес ұйымдармен осы саладағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес өткізді.

– “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұ­жырымдамасы аясында полиция жұмы­сы­ның сервистік моделі адамдармен тіке­лей диалог жүргізуді, оларды толғандырған мәселелерін түсінуді, құқықтық тәртіптің жай-күйіне тікелей әсер ететін проблема­ларды шешудің бастамашыл жолын көз­дей­ді, – деді кеңес отырысында облыстық полиция ведомствосының басшысы, поли­ция генерал-майоры Марат Төлебаев. – Бұл бағытта, әсіресе мемлекеттік органдар мен халық арасын байланыстыратын көпір ретінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі маңызды. Біздің бірлескен жұмысымыз нақты адамға бағытталған, көмекке мұқтаж әрбір азаматқа жетуі қажет.

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Иван Тер­зиди бүгінгі таңда нашақорлықтың ал­дын алуда заманауи форматтағы бейне­роликтер, флешмобтар, “Instagram” желі­сін­дегі челлендждер, “Tik-tok” және басқа да әлеуметтік желілер үлкен әсер ететінін атап өтті. Солтүстікқазақстандық полицей­лер олардың тиімділігін өз тәжірибесінен бі­леді. Республикада алғашқы болып “Сенің таңдауың-2021” есірткіге қарсы кең ауқым­ды интернет-челленджін өткізді, оған 100-ден астам жас қатысты. “Жастар мәсли­ха­ты” үкіметтік емес ұйымының қолдауымен “Тұздар мен дәмдеуіштер. Ешқайда жоқ жол. 2-бөлім” деректі фильмі түсірілген. Та­ғы бір жарқын мысал – “Қамқор” волонтер­лік ұйымымен бірлескен жұмыс. Кездесуде ұйым өкілі Екатерина Галата сөз сөйлеп, еріктілердің профилактикалық жұмыс­тар­ға, “есірткі граффитилерін” бояуға, спорт­тық іс-шараларды өткізуге және т.б. шара­ларға тұрақты қатысатыны туралы айтты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профи­лак­ти­ка­сы туралы облыстық жергілікті по­лиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Александр Роз­бах әңгіме өрбітті. Ол отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы қылмыстар­дың саны биылғы он айдың қорытындысы бойынша 18,5 пайызға азайғанын айтты. Үкі­меттік емес ұйымдармен бірлескен жұ­мыс полицейлерге зорлық-зомбылық құр­бандарын өздерінің құқықтары мен оларды қорғау механизмі туралы кеңінен ақпарат­тандыруға жол ашады. Күн тәртібіндегі мә­селе туралы “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің басшысы Алина Ор­лова өз ойымен бөлісті. Бірлестік жанында жұмыс істейтін тұрмыстық зорлық-зомбы­лықтың құрбандарына арналған баспанаға биылғы жылы жәбір көрген 22 әйел мен 43 бала орналастырылған.

Тәуелсіздіктің 30 жылында ішкі істер ор­гандары жүйесінде қол жеткізген жетістікте­рі хақында облыстық полиция департамен­ті кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Алек­сандр Майер сөз сөйледі. Полиция жұмы­сының тиімділігін арттыру үшін тәуелсіз мем­лекетіміздің құқықтық базасын қалып­тас­тыру, полицияны тән емес функциялар­дан босату және жоспарлы цифрландыру аса маңызды. Қылмыстық істерді және қыз­мет көрсетуді электронды форматта жүргі­зуді енгізу, бейнебақылау жүйесін кеңінен пайдалану аса қажет. Ең бастысы, поли­цейлер ашықтық пен қолжетімділік прин­цип­терін іске асыруды жетістік деп санай­ды. Кездесу алда болатын оныншы аза­маттық форум қарсаңында өткізілді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp