Облыстық қан тапсыру орталығында “Донор күні” акциясы өтті. Игі іс-шараға өңір полицейлері де қатысып, 50-ге тарта тәртіп сақшысы қан тапсырды.
Еріктілердің қатарында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, патрульдік полиция батальонының мамандары бар. Барлығы қылмыс жасалған және төтенше жағдайлар тіркелген орындарда жұмыс істеп жүрген соң, донор қанының қаншалықты қажет екенін біледі. Сондықтан қайырымдылық шарасына қатысуға бел буған.
– Қанның әрбір дозасы маңызды. Мұны облыстың полицейлері түсінеді. Акциядан қалыс қалмауға тырыстық. Біздің кәсіби міндетімізге құқықтық тәртіпті қорғаумен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау кіреді. Әрбіреуіміз 450 мл қан тапсырдық, – дейді қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция қызметі командирінің орынбасары Мұрат Ысмайылов.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.