«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жас оқырмандарға олжа

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Балалар мен жасөспірімдер­дің кітап оқуын қолдау жылы аясында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген жаңа кітаптар түсті.

“Фолиант” баспасынан шыққан балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем, танымдық әдебиеттер кішкентай оқырмандар үшін таптырмас олжа. Кітапхана қорын толықтырған жаңа әдебиеттердің қатарында “Алдар көсе”, “Алпамыс батыр”, “Сара апамның сабақтары”, “Ержүрек құмырсқа”, “Дәуіт атайдың ертегілері”, “Ұрпағына ұран болған аналар” атты туындылар мен жаңылтпаштар кітабы бар. Сондай-ақ балалар энциклопедиясы да кітапхана қорын толықтырды. Қала тұрғындарын балаларымен бірге кітапханаға шақырамыз. Жаңа кітаптар жақында аудандық кітапханаларға да түседі.

Елена СКАКУНОВА,

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp