«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тың жобалар қолдауға ие

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Сапаровтың төрағалығымен “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының жанындағы даму жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында өткен жылы өңірімізге салынған жеке инвестициялар көлемі 286 млрд. теңгені құрағаны, бұл көрсеткішті 413-ке жеткізу жоспарланып отырғаны айтылды.

Индустриялық-аграрлық экономикаға көшу қолға алынған 2016 жылдан бастап, 2020 жылға дейін жеке инвесторлардың көмегінің арқасында 6 ірі инвестициялық жоба іске асқан.

– Шетелдік ірі жобалардың бірі – “Тайынша май” ЖШС-нің жұмысын қытайлық “Айцзюй” компаниясы қаржыландырды. Бірінші кезеңдегі инвестиция сомасы 4,3 млрд. теңгені құрады. Инфрақұрылым тартуға мемлекет тарапынан 378 млн. теңге қолдау көрсетілді. Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ауыл шаруашылығы техникасын шығару жобасы – “Петропавл трактор зауыты” іске қосылды, – деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмрин.

Биыл Петропавлда ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын тағы бір зауыттың құрылысы аяқталып, “CLAAS” маркалы техника өндірісі қолға алынды. Дархан Әмриннің сөзінше, жоба құны 3 млрд. теңге. Жұмыс орындарының саны 100 адамға дейін артады, кей қызметкерлер шетелде оқитын болады. Ресейлік инвестор дайын дәрілік препараттар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Инвестиция шамамен 15 млрд. теңгені құрамақ. Жоба іске асса 200-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp