«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АУЫЛЫМНЫҢ ТҮТІНІ ҚЫМБАТ МАҒАН”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” КММ жанынан құрылған “Рухани жаң­ғыру” бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Ауылымның түтіні қымбат маған” жобасы аясында фототүсірілімдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

25 қазан мен 10 қараша аралығын­да өткен байқауға сексеннен астам адам қатысуға ниет білдіріп, өз жұмыстарын жі­бер­ген.⠀Қазылар алқасы фотосуреттердің сапасы­на, фотоны түсіру техникасына, көркем­дік деңгейіне, фотоны өңдеу шеберлігіне баса назар аударды.

Байқаудың шарттары мен ережелерін толығымен орындаған бес адам жүлделі орындарды иеленді. Онлайн форматта өткен фотобайқаудың қорытындысы бойынша Аққайың ауданы, Полтавка орта мектебінің оқушысы Ахмад Болат бірінші орын алса, Петропавлдағы С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиядан Мөлдір Тұрар мен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан Ани Овеян екінші орынды өзара бөліссе, аталмыш ауданнан қатысқан тағы екі оқушы Инна Гасникова мен Милана Соколовская үшінші орынға ие болды.

Фототүсірілімдер байқауының жеңімпазда­ры диплом және бағалы сыйлықтармен, ал шығармашылық ізденіс пен белсенділік танытқаны үшін 30 қатысушы грамотамен марапатталады.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” КММ жанынан құрылған “Рухани жаңғыру” бөлімінің маманы.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp