«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қалжа қалай беріледі?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдары мен тыйымдары, өзіндік мән-мағынасы, терең салт-дәстүрлері бар. Бүгінге дейін желісі үзілме­ген ырымдардың бірі – қалжа беру. Ата-бабамыздан осы күнге жеткен бұл ырымды халық тұрмыс-тіршілігінің бүгінгі көрінісінен де көруге болады.

Қалжа дегеніміз – жаңа бо­сан­ған ана мен өмірге келген нәресте үшін сойылатын қой. Жалпы қазақ халқы босанған әйелге ерекше мән берген. Оның денсаулығы, нәрестенің жағдайы әркез есте тұрды. Соған сәйкес ұлтымыздың керемет ырымы қалжаны да қолданыстан осы күнге дейін шығарған емес.

Шаңыраққа шырылдап нәресте келген кезде сол үйдің тума-туыстары, таныстары жиналып, кішігірім той өткізген. Жас босанған ана мен бала үшін қой сойылады. Босанған ана осы жас еттің сорпасын ішіп, етін жеп, жоғалтқан күш қуатын қайта жинайды

Қалжаға сойылған қойдың мойын омыртқасын жас анаға тісін тигізбей, қолымен мүжіткен. Ал еттен тазарған мойынды қырық күнге керегенің басына ілген. Өз сыбағасынан толық дәм татқан келіншектің омырау сүті құнарлы болады. Нәтижесінде нәрестенің тез ет алып өсуіне де ықпал етеді.

Бұл ырым арнайылап сойылған етті жас ана тауысқанша жалғасын табады. Қалжаға тойған ананың да, баланың да ден­саулығы жақсы болары сөссіз.

Қазақ салтында күні бүгінге дейін сақталған қалжа ырымының орны ерекше. Қазір де аталмыш ырымның көптеген шаңырақта қолданыста екеніне куәміз. Ана мен баланың денсаулығы, келешегі үшін бұл ырымның берері мол. Сондықтан да қазақ халқының осы бір ырымы жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға өрбіп, келешекке мол мұра болып қалса екен деймін.

Айдана ӘЛИАРЫСТАНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp