«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол-көлік апаттары жиі болатын автожолдар аталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 46 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 13 адам көз жұмып, 84-і зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір жолдарында қауіпті учаскелер жетерлік. Қыс мезгілінің басталуына байланысты көлік жүргізушілері сақтықты екі есе арттырған жөн. Қар мен мұз көлікті басқаруды қиындатады, ал бұл жол-көлік апатына алып келуі мүмкін. Жылдамдықты асыруға рұқсат етілген қала сыртындағы жолдарда, дөңдерде, еңістерде, екінші дәрежелі жолдармен қиылыстарда, елді мекендерден шыға берістерде, жолға жақын орман орналасқан аумақтарда аса сақ болған абзал.

СҚО-дағы республикалық маңыздағы жолдарда 10 айда 46 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам көз жұмды, 84 адам жарақаттанды. Апаттардың басым бөлігі – Қызылжар ауданының жолдарында болған, олардың саны – 14. Аудандағы ең қауіпті учаскелер – «Челябі-Новосібір» тасжолындағы Пеньково, Асаново, Метлишино, Тоқшын, сондай-ақ Якорь, Соколовка, Красноярка, Желяково елді мекендерінің маңы, «Петропавл-Ишим» М-51 автожолының 11-ші шақырымындағы қиылыс.

«Облыс аумағында жүруге қолайлы учаскелер бар. Алайда бұл аумақтарда да облыстағы орташа көрсеткішке қарағанда жол-көлік оқиғалары жиі болып тұрады. Мұндай учаскелерге «Петропавл-Нұр-Сұлтан» тас жолының Қызылжар ауданындағы Чапаево, Трудовая Нива ауылдарының арасы, Аққайың ауданының Аралағаш ауылы маңы, «Петропавл-Жезқазған» трассасындағы Есіл ауданының Николаевка ауылы маңы кіреді. Бұл учаскелерде ауыл малы жол үстіне шығып кетуі мүмкін. Бұл жерлерде өте мұқият болған жөн», – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp