«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде бір тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус жұқтырудан ел бойынша әлі де алда келеді, тек өткен тәулікте жаңадан 143 сырқат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде 1 304 адам ПТР тест тапсырып, оның әрбір тоғызыншысында қауіпті инфекция анықталды. Осылайша облыс коронавирусты жұқтырудан ел бойынша алда келеді. СҚО-да 17 қарашада 143 адамда КВИ анықталса, Алматыда – 128, Нұр-Сұлтанда – 125 адам ауырған.

Қазір облыстың инфекциялық стационарларында 625 адам, карантиндік бөлімшеде – 7, жансақтау бөлімшесінде 51 науқас жатыр. Ауырғандарға арналған орындар жеткілікті, мәселен жұқпалы аурулар стационарлары 36 %-ға, реанимациялық бөлімшелер 42 %-ға ғана жүктелген.

Коронавируспен ауырып, қайтыс болғандар саны да артып келеді. Өткен тәулікте 4 сырқат, барлығы 343 адам көз жұмды.

Жалпы пандемия басталғалы СҚО-да 34 209 адам КВИ жұқтырған. Олардың 3,2 %-ы немесе 980 адам – медициналық қызметкерлер. 27 579 адам тәуір болды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp