«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Келесі аптада ревакцинация басталады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында келесі аптада ревакцинация басталады. Бірінше кезекте медициналық қызметкерлер, мұғалімдер мен күш құрылымдары қызметкерлері егілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов ревакцинацияға дайындық барысына тоқталды. Ең алдымен қатер тобына жататын тұрғындар екпе алмақ. Олардың арасында медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері және жасы 60-тан асқан тұрғындар да бар. Сондай-ақ иммунитеті нашарлаған, КВИ-ге қарсы вакцина алғанымен антидене қалыптаспағандар да қойғыза алады.

СҚО-да бүгінде ересек тұрғындардың 70 %-ы вакцинациядан өтті. Қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 258 071 адам қойғызса, 240 866 адам толық курстан өтті.

«Вакцинация енді басталғанда тұрғындар арасында сенімсіздік, қорқыныш болды. Кейбірі, тіпті, жасырын емес, құжатты қолдан жасатты. Уақыт коронавирусқа қарсы вакцинаның қауіпсіз екендігін және нәтижесі бар екендігін көрсетті. Егер де өңір тұрғыны вакцинация паспортын сатып алған болса, кейін вакцина аламын деп шешсе, мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай қудалау болмайды. Егер де құжатты қолдан жасаған медициналық қызметкерлерді анықтап жатсақ олар заңға сай жазаланады. Ал азаматтарға ешқандай жаза қарастырылмаған, өйкені біздің мақсатымыз – жазалау емес, адамда қауіпті инфекцияға қарсы имунитет қалыптастыру, аурудан сақтау», – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.

Бұған дейін өңір тұрғындарының Pfizer вакцинасын алып жатқанын айтқан едік. Бір күнде 60-қа жуық жасөспірім, жүкті және емізулі баласы бар әйел екпе алды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp