«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

23 адам қару ұстау құқығынан айырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 23 адам қару ұстап, сақтау құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактілері бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Күдіктілердің аңды атқаны дәлелденген жағдайда олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, азаматтық қаруды және оқ-дәрілерді пайдаланып, сақтау құқығынан айырылады.

Қару пайдалануға рұқсат мерзімі үш жылға немесе соттылығы өтелгенге дейін тоқтатылады. Ол 9 қылмыстық әрекетте: ұрып-соғу, заңсыз аң аулау, есірткі заттарын пайдалану, көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның мас күйінде көлік тізгініне отыруы және тағы басқа жағдайларда қолданылады. Отбасылық жанжалқойларға да қару ұстауға рұқсат жоқ. СҚО-да жыл басынан 23 адам қару сақтау құқығынан айрылған, оның 4-і отбасылық жанжалқойлар.

«Әкімшілік құқық бұзушылық жыл ішінде қайта жасалған жағдайда да қаруды қолдану рұқсаты жойылады. Оған кәмелетке толмағандармен байланысты және вандализм, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, тыныштықты бұзу сияқты құқық бұзушылықтар кіреді. Қаруға рұқсат беру асқан жаупкершілікті және қару иелерінің заңнамаларды қатаң сақтауын талап етеді», – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны қолында тіркелген қаруы бола тұра, үйінде тағы бір тіркелмеген қару сақтаған, салдарынан екеуінен де айырылды.

Жалпы СҚО-да 10 айдың ішінде 7 мыңнан астам қару иесі тексерілді. Қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзудың 848 дерегі тіркелді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp