«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тегін қызмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылы компьютер­лік және магнитті-резонанстық томографиялық қызметтер саны төрт есе өсті.

Қазіргі таңда міндетті әлеу­меттік-медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көптеген қызметтерді оңай алуға болады. Біздің елімізде онкологиялық және жүрек-қан тамырлары аурулары көп екенін, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын ескере отырып, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің қолжетімділігін арттыру аса маңызды.

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін енгізгенге дейін КТ және МРТ қызметтері ақылы болды. Сондықтан қымбат тұратын диагностикалық қызметтерді алу үшін тұрғындар бірнеше ай бойы кезекте тұруға мәжбүр еді.

Егер 2020 жылы КТ қызметін 135 медициналық ұйым ұсынса, биыл мұндай 190 ұйым бар. Ал МРТ қызметін 121 мекеме ұсынады. Қазір көптеген елді мекендерде КТ/МРТ кабинеттері ашылуда. Олардың кейбіреулері сұраныстың көптігіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейді.

Өткен он айдың қорытындысы бойынша медициналық сақтандыру бойынша 46,9 мыңға жуық қызмет көрсетілді. Жалпы ел бойынша көрсетілген қызметтер сомасы 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында шамамен 907 млн. теңгені құрады. Науқасқа кез келген диагностикалық тексеруді емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерттейді. Тиісті көрсеткіштер болған кезде дәрігер КТ немесе МРТ жүргізуге жолдама бере алады. Бұл қызметті жоспарлы түрде алу үшін науқас әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуы тиіс.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp