«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айып тұрағына қойылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы екі жылда облыс бойынша айып тұрағына өзге елдердің нөмір­лерімен жүрген алпыс автомобиль қойылды. Оның жетеуі – Ресей Федерациясы аумағынан айдап әкелінген көліктер. Кейбір көліктерге шетелде шектеу қойылғандықтан айып тұрағында тұр. Мысалы, Ресей Федерациясындағы иесінің мүлкіне тыйым салынғандықтан, тамыз айында Петропавл қаласының тұрғыны “BMW X-5” көлігінен айырылды.

Сонымен қатар айып тұрағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында тоқтатылған көліктер қойылады. Олардың көбін жалған құжаттармен кіргізбекші болған, кейбіреуінің шанақтағы нөмірі қайта жазылған.

Кейде жерлестеріміз күрделі жол апа­тына түскен автомашиналар­дың қосалқы бөлшектерінен жиналған көлікт­ерді сатып алып жатады. Оларды да жалған құжаттар бойынша сатады. Біз шетел көлігін сатып алар кезде автомобиль­дердің және агрегаттардың (vin-код, шанақ, қозғалтқыш, шасси және т.б.) сәйкестендіру нөмір­лерін тіркеу құжаттарында көрсетілген мәліметтермен салыстыруға, шектеулер қойылға­нын немесе қойылмағанын, жалпы тарихын тексеруге кеңес береміз.

Жеңіс ТЕМІРБЕКОВ,

облыстық полиция департаменті анықтау басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp