«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ — ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов өңір жастарымен бейресми кездесу өткізіп, Петропавл қаласындағы мәдени нысандар мен білім беру ұйымдарына экскурсия жасады. Шараның басты мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен облыс орталығында ашылған нысандарды аралап, жастарды Тұңғыш Президенттің елі үшін сіңірген еңбегімен таныстыру.

Экскурсия облыстық тарихи-өлкетану музейінен басталды. Одан соң жастар “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде болып, қазақ халқының тарихынан сыр шерткен құнды жәдігерлерді тамашалады. Сондай-ақ ерте заманда батыр бабаларымыз қолданған қару-жарақтармен танысты.

Жастар еліміздегі үздік оқу ордаларының бірі – Назарбаев зияткерлік мектебін аралап, білім беру ұйымының жетістіктеріне куә болды. Мұнда озық ойлы өрендер білім нәрінен сусындауы үшін барлық жағдай жасалған.

– Бұл Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған жақсы іс-шара болды деп ойлаймын. Жастар Елбасының Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуына қосқан еңбегін білуі тиіс. Ел азаттық алып, жаңа өзгерістерге қадам басқан тұста алға сүйреген Елбасының еңбегі ерен. Осы жолда ол небір жоғары белестерді бағындырды. Мемлекетіміздің шекарасын бекемдеп, экономикамызды нығайтты, әлем елдерімен достық қарым-қатынас орната білді. Тәуелсіздікті Елбасымен, оның сарабдал саясатымен байланыстырамыз, – деді жастармен өткен бейресми кездесуді қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp