«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жетістіктер көрмесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департамені мен қалалық басқарманың қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инсталляциялар көрмесіне қатысты. Офицерлердің алдында Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін көрсету және өз жұмыстарын мемлекеттік тілде сипаттау міндеті тұрды.

Көрмені ашқан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев полицейлер жыл бойы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған барлық шараларға белсенді қатысқанын атап өтті. Инсталляциялар көрмесі – ведомство ішінде өтетін негізгі іс-шаралардың бірі.

Көрмеге офицерлер, жедел уәкілдер, криминалистер, әкімшілік полицейлер, штабтың және кадр саясаты басқармасының қызметкерлері қатысты. Қызметкерлер пластилиннен, картоннан, пластиктен, сонымен қатар бұрынғы және бүгінгі таңдағы аппаратуралар мен жабдықтарды пайдалана отыра, ерекше шығармашылықпен коллаж, модель, экспозициялар дайындады.

Жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында қолданылған және криминалистердің заманауи жабдықталған чемоданын қазіргімен салыстыра отырып көрсетті. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көше қиылыстарының нақты макетін жасап, жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін интеллектуалдық жүйелердің жұмысы жайлы баяндады. Ал кадр саясаты басқармасы өз қызметін ананың бейнесі арқылы жеткізді, яғни кадр бөлімінің қызметкерлері полицейлерді қызметке қабылдап, тәрбиелеп, жан-жақты қолдау көрсетеді.

Қазылар алқасы дайындалған экспозициялардың мазмұнына, таныстырылуына, эстетикалық сипатына баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Үшінші орынды кадр саясаты және криминалдық полиция басқармасы мен қалалық полиция басқармасы, екінші орынды әкімшілік полиция мен ақпараттандыру және байланыс басқармасы иеленді. Ал облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері жеңімпаз атанды. Инсталляциялар көрмесі 16 желтоқсанға дейін облыстық полиция департаменті ғимаратының фойесінде тұрады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp