«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКШЕ АСПАНЫН ӘНГЕ БӨЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншісі Еркебұлан Қарыпов Көкшетау қаласында өткен “Арқаның айбозы” атты І республикалық дәстүрлі әншілер байқауында үшінші орын иеленді.

Ән додасына Нұр-Сұлтан, Ал­маты, Шымкент қалаларынан және Қазақстанның бес облысынан (Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола) 20 дәстүрлі әнші қатысты. Кіл мықтыда кім мықтыны анықтау үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев бастаған дүлдүлдер қазылық еткенін айтқан жөн. Ақан сері мен Үкілі Ыбырай туған қасиетті өлкеден барған дәстүрлі әнші Еркебұлан Қарыпов Қызылжар өңірінің намысын абыроймен қорғады.

– Үш күнге созылған байқау тартысты өтті. Барлық өнерпаздар жақсы дайындықпен барғаны көрініп тұрды. Бірінші кезеңде төрт ән орындасам, екінші турда халық әні “Баянауыл”, Ақан серінің “Мақпал” әнін шырқадым. Кейін жеребе бойынша Рамазан Елебаевтың “Жас қазақ” әнін орындау туралы тапсырма берілді. Бар өз өнерімді көрсетуге тырыстым, – дейді Еркебұлан Қарыпов.

Айтулы додада бірінші және екінші орындарды елордалық өнер­паздар Алуа Қалымбекова мен Өзгеріс Шерікбай иеленсе, бас жүлде көкшетаулық Бауыржан Нұрмұханға бұйырғанын айтып өткен жөн. Бас жүлде иегеріне жеңіл автокөлік берілсе, өзге жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp