«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 23, 2021

Жүлделі жорық

Орал қаласында дзюдо­дан ел біріншілігі өтті. Респуб­ликалық жарыста “Қызылжар арландары” клубының 3 бірдей спортшысы қанжығаларын майлап қайтты.

КҮЙ ШАШУ

Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің “Күй – тәңірдің күмбірі” атты концерті өтті. Өңір тұрғын­дары құлақ­тан кіріп, бойды алған тәтті күйлерден су­сындап қайтты.

Аңқау студенттер

Петропавл қалалық полиция бас­қармасына жуырда алаяқтық­қа қатыс­ты бірнеше арыз келіп түс­ті. Жәбірленушілердің айтуларынша, жас жігіт оларды интер­нет арқылы несие ресімдеуге үгіттеген және белгісіз бір акция шарты бойынша қарыз кейін толығымен өтеледі деп сендірген. Алаяқтың арбауына түскендер ұялы телефон сатып алған, алайда олар уәде етілгендей оны сатудан еш пайда көрмеген, несие­лері жабылмай сол қалпында қалған. Алаяқ …

Аңқау студенттер Read More »

Қораға түскен

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның екі тұрғыны өткен аптада қорадан қойлары ұрланғанын айтып, полицияға жүгінген. Біреуінің саулық қойы, ал екіншісінің екі тоқтысы жоғалған. Екі жағдайда да қылмыскерлер қораға түскен. Облысымызда өткізіліп жатқан “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бұл қылмыстар ізі суымай ашылды.

ӨНЕР – ӨШПЕС МҰРА

Өнерге әркімнің таласы болғанымен, ол адам бойындағы қабілеттің ең биік шыңы және бәрі­не бірдей дари бермейді. Өнерді өміріне серік еткен домбырашы Аслан Төкен – ұлттық дәстүр­дің киесін білетін, қадір-қасиетін ұғынған өнерпаз. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақ­стан университетінде домбырадан сабақ беретін ұстазбен жақында сұхбаттасудың сәті түсті.

Сан қырлы қайраткер

Сәбит Мұқанов атындағы об­­лыс­тық ғылыми-әмбебап кі­тап­ханада көрнекті Алаш қай­раткері, жазушы, драматург, журналист, ғалым, тарихшы Қошке Кемеңгер­ұлының туға­нына 125 жыл то­луына арнал­ған “Сан қырлы дарын иесі” ат­ты әдеби кеш өтті.

Ревизор (Кеңес заманында шалғайдағы шағын ауылда болған оқиғаның ізімен)

Қоскөл – кеңшар орталығы демесең, түтін са­ны жүзден сәл ғана асатын бір уыс ауыл. Жо­ғарыдағыларды не түлен түрткенін кім білсін, “түлкі тымақ” кигізсек, тасы өрге домалай жөнеледі, қоңыр тіршілікке ежелден бойы үйреніп кеткен мұндағы бір рудан тарайтын төрт-бес атаның балалары ғана емес, аудан, облыс шылқымайға батады деп ойлады ма екен, бөлімше болып жарытпаған ауылды күндердің …

Ревизор (Кеңес заманында шалғайдағы шағын ауылда болған оқиғаның ізімен) Read More »

ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ

2017 жыл Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев­тың ел­дің үшінші жаңғыруына және саяси реформаға жол аш­қан бағ­дарламалық мәлімдемесімен басталған болатын. Ай­тулы жыл­дың ең елеулі оқиғасы – Қазақстанда “ЭКСПО – 2017” ха­лық­­а­ра­лық көрмесінің сәтті өткізілуі болды. Біздің елі­­­міз әлем­дік дең­гей­дегі бұл ірі шараны ұйымдастыру және өт­кізу құқығын жеңіп алған алғашқы посткеңестік мемле­кет атан­ды. Қазақстан үш ай бойы баламалы …

ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ Read More »

Бұл да бір майдан

Соғыс ардагері Николай Демин әр күнін таңғы жаттығудан бастайды. Биыл тоқсан алтыншы туған күнін атап өткен Николай Иванович өзін жақсы сезінеді. Майдангер сұрапыл соғыс жылдарының қиындықтарын жиі есіне алады. Ол қазіргі әлемді шарпыған індетті жоюдың бірден-бір жолы – вакциналау деп есептейді. Сондықтан соғыс ардагері алғашқылардың қатарында екпе салдырған.

3,5 миллион көшет егілді

Облыстың орманды алқаптары 2025 жылға дейін тағы 20 мың гектарға ұлғайтылады. Осы мақсатқа жету үшін 100 млн. түп көшет отырғызылуы тиіс. Биыл орманшылар оның 3,5 млн.-ын екті.

Қауіпті кеселге тосқауыл

Петропавлдағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының оқушыларына екпе салынды. Бүгінде оқу ордасында 1061 бала білім алуда. 12 мен 18 жас аралығындағы 500-ге жуық оқушы бар.