Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ПАРТИЯНЫ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСҚАРУЫ МАҢЫЗДЫ. Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен “Nur Otan” партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Кеңес барысында мемлекеттік бағдардың сабақтастығы мен тұрақтылығына негіз болатын партияның ұзақмерзімді көшбасшылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударылды. Сондай-ақ партияны ел Президенті басқарып, оның саясаты мен стратегиясын өзі айқындап отыруы қажет екені атап көрсетілді.